Apple өз тарихындағы алғашқы бүктемелі iPhone-ды таныстырды
Apple iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарымен бірге өзінің алғашқы бүктемелі смартфонын – iPhone Duo-ны таныстырды, деп хабарлайды Masa.media.
ЖАҢА СМАРТФОННЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
iPhone Duo-ның сыртқы экранының диагоналі 5,4 дюйм, ал ішкі дисплейі 7,6 дюйм. Смартфон A20 Pro процессорымен жұмыс істейді және C2 модемімен жабдықталған. Компания мәліметінше, аккумулятор заряды құрылғыны бір күн пайдалануға немесе сыртқы экранда 44 сағатқа дейін видео көруге жетеді. Смартфон тек eSIM қолдайды.
Негізгі камераның диафрагмасын пайдаланушы өзі реттей алады. Ал видео түсіру кезінде жасанды интеллект қозғалыстағы нысанды автоматты түрде бақылап, ол кадрдан уақытша шығып кеткен жағдайда қайта анықтай алады.
Жаңа смартфондар 2 нанометрлік технологиямен жасалған A20 Pro чипімен жұмыс істейді. Apple мәліметінше, оның өнімділігі алдыңғы буындағы A19 Pro процессорынан 20-40%-ға жоғары. АҚШ-та 256 ГБ жады бар iPhone 18 Pro 1199 доллардан, ал iPhone 18 Pro Max 1299 доллардан сатылады. Смартфондардың сатылымы 18 қыркүйекте басталады.
Компания смартфондардың салқындату жүйесін де жаңартып, батареяның жұмыс уақытын ұзартқан. Жылдам зарядтау арқылы құрылғыны 15 минутта шамамен 50%-ға дейін қуаттауға болады.
ӨЗГЕ ДЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР
Сонымен қатар Apple Siri-дің мүмкіндіктерін кеңейтті. Енді дауыстық көмекші бірнеше қосымшада бірінен кейін бірін байланысты әрекеттерді орындай алады. Бұл функция үшінші тарап әзірлеген қосымшаларды да қамтиды. Жалпы, 250-ден астам қосымшаға қолдау көрсетіледі.
Apple жаңа сағаттарын – Apple Watch Series 12 және Ultra 4, сондай-ақ AirPods 5 құлаққаптарын да таныстырды. AirPods 5 Apple Intelligence жүйесімен жұмыс істеп, Siri-дің кеңейтілген мүмкіндіктерін смартфонды қолға алмай пайдалануға мүмкіндік береді.
AirPods 5-тің АҚШ-тағы бағасы 129 доллардан, ал белсенді шуды басу функциясы бар нұсқасы 149 долларданбасталады
10:02
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.