Ақпарат және қоғамды дамыту министрлігі ресми түрде журналистердің митиңдердегі жұмысын реттейтін болды

Оған мұндай құқықты бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы жаңа заң берді


06/08/2020
12:14 46194 0

Фото дереккөзі: Informburo.kz

 

 

ҚР Ақпарат және қоғамды дамыту министрлігі (АҚДМ) ресми түрде БАҚ өкілдерінің бейбіт жиналыстардағы жұмыс ережесін бекіту құқығына ие болды. Бұны КазТАГ хабарлады

 

«Ақпарат және қоғамды дамыту министрлігіне қатысты ережеде ( ): … 16 тармағының 1 тармақшасына жүз бірінші және жүз екінші абзацтары қосылуы керек: «бейбіт жиналыстардағы журналистің (БАҚ өкілінің) қызметінің ережесін; олардың және бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың формасын; «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығын табыстау ережесін бекіту» делінген үкіметтің 30 шілдедегі қаулысында. 

 

25 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру” туралы заңға қол қойды. Бұл заң, ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, министрлікке митиңдердегі журналистердің қызметін реттеп отыратын ережелер жасауға құзырет берді. 

 

17 маусымда министрлік атаулы ережелер жобасын жасаған еді. Олар митиңдердегі журналистерді көк белгі шүберек, ашық көк жилет пен ашық сары жапсырма тағуға міндеттеуді ұсынды. Бірақ оған 27 маусымда өзгеріс енгізілді — БАҚ өкілдері жасыл жилет киюі керек делінді. Екі аптадан кейін бұл өзгеріс алынып, жилеттің түсі қызыл болу керек деді.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

06/08/2020 12:14
46194 0

Уведомление