Америкалықтар Трамптың кенже ұлын Иранға жіберуді талап етіп жатыр

Мыңдаған америкалық АҚШ президенті Дональд Трамптың кенже ұлы Бэррон Трампты әскерге шақырып, Иранға жіберуді талап етті, деп хабарлайды Masa media.


09/03/2026
05:40 74 0

Bild басылымының жазуынша, АҚШ азаматтары президенттің ұлын соғыс аймағына жіберу қажеттігі жөніндегі петицияға қол қойып жатыр.

 

Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желілерде АҚШ президентінің әрекеттеріне қатысты пікірталас күшейіп, оның Иранға құрлықтағы әскер жіберу жоспарына байланысты наразылық та артып келеді. #SendBarron хэштегімен мыңдаған адам Трамптың кіші ұлы Бэрронды әскер қатарына шақыруды талап етіп жатыр.

 

Петиция жарияланған сайтта бұл бастама сарказммен түсіндірілген. Онда АҚШ-тың күші елді Трамп сияқты көшбасшылар қорғауға дайын болғанда ғана сақталатыны айтылып, сондықтан оның ұлы да әкесінен үлгі алып, Иранға баруы тиіс екені жазылған.

«Қызмет ету – абырой. Күш ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Құдай жар болсын саған, Бэррон», – делінген петиция сипаттамасында.

БАҚ мәліметінше, South Park анимациялық сериалының бұрынғы сценарийшісі Тоби Мортон Бэррон Трампты Иранға жіберуді талап ететін қозғалыстың бастамашысы болған.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

09/03/2026 05:40
74 0

Уведомление