Қадыровтың үлкен ұлы Шешенстанның білім саласына жетекшілік етеді

Шешенстан басшысы өзінің үлкен ұлы Ахмат Қадыровқа республиканың білім саласына жетекшілік ету міндетін жүктеді.


11/02/2026
10:04 357 0

Жас шенеунік «білім сапасын арттыруға» кірісті

 

Жаңа қызметі туралы ол өзінің телергам-арнасында мәлімдеді. Айтуынша, бұл шешімді әкесі Рамзан Қадыров қабылдаған.

 

Тағайындала салып 20 жастағы вице-премьер Білім министрі Хож-Бауди Дааевпен және аймақтың жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті. Ресми хабарламада «білім беру сапасын арттыру» жоспарлары туралы айтылады, алайда Ахмат Қадыров нақты не үшін жауап беретіні нақтыланбайды. Бір қызығы,  Шешенстанның мемлекеттік органдарының сайттарында жас шенеуніктің жоғары білімі барын растайтын ешқандай дерек жоқ.

 

Мансап жолы

 

Еске салайық, Ахмат Қадыров 16 жасында  республиканың жастар бірлестіктерін басқарды, кейінірек спорт министрінің бірінші орынбасары болды. 2024 жылы ол жастар министрі, содан соң Шешенстанның спорт министрі болып тағайындалды. 2026 жылдың қаңтарында ол ұлттық саясат және баспасөз министрлігінің басшысы Ахмед Дудаевпен бірге вице-премьер қызметіне ауысты.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

11/02/2026 10:04
357 0

Уведомление