2,3 милионнан астам қазақстандық 42 500 теңге алды
Жәрдемақы алуға өтініштерді әлі қабылдап жатыр

Фото дереккқөзі: Sputnik Қазақстан
Қазақстанда қайтадан карантиннің енгізілуіне орай 2 миллион 367 мың адам 42 500 теңгеден жәрдемақы алды. Бұны ҚазАқпарат хабарлады.
— Өтемақы көлемі — 42 500 теңге. Осы уақытқа дейін 2 миллион 579 мың адамнан өтініш келіп түсті. Оның 2 миллион 367 мыңына жәрдемақы бердік. Сонымен қатар 2 миллион 357 мың қазақстандық тағы 21 250 теңге қосымша ақы алды, — делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Жәрдемақы алуға өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Оны өткізудің бірнеше жолы бар: проактив формат (яғни мемлекет ақшалай көмекті өзі ұсынады), Egov.kz порталы және telegram-боттар, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары.

Пікірлер жоқ.