20 жастағы мұсылман қыз Швейцарияда қалалық парламент мүшесі болды
Вера Челик Цюрих муниципалитет кеңесіне сайланып, қалалық парламенттің ең жас саясаткерлерінің біріне айналды.
Сайлау нәтижесі бойынша ол 4 772 дауыс жинап, Швейцарияның ең ірі қаласының 10-шы ауданынан Әлеуметтік-демократиялық партия (SP) атынан кеңеске өтті.
Челик — түрік-швейцар тамырлы мұсылман қыз. Ол стоматологиялық ассистент мамандығы бойынша оқиды және әлеуметтік әділеттілік, кемсітушілікке қарсы күрес және жұмыс орнындағы теңдік мәселелеріне арналған қоғамдық науқандарға белсенді қатысқан.
Сондай-ақ, ол соңғы жылдары әйелдердің құқықтары мен азшылықтарды интеграциялау тақырыптарына қатысты Швейцария ақпарат құралдарында жиі сөз сөйлейді.
Оның сайлануы қоғамда, түрік диаспорасы арасында да резонанс туғызды. Берндегі Түркия елшісі Шебнем Инджесу және Цюрихтегі Түркияның бас консулы Фазлы Чорман Челикті жеңісімен құттықтады.
Сурет: Muhammet İkbal Arslan/AA
12:32
98
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.