Жоғарғы соттың судьясы ірі көлемде ақша алып жатқан жерінен ұсталды

Оған ақша берген судья да ұсталды


12/02/2021
11:36 45323 0

Фото: sud.gov.kz

 

11 ақпанда Жоғарғы соттың судьясы ірі көлемде ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Мұны Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады

 

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтанда Жоғарғы соттың судьясын ірі көлемде ақша алып жатқан жерінен ұстады, — делінген соттың сайтында. 

Ақшаны судья Жоғарғы сот кеңесінде жұмыс істеп жүргенде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем беру үшін алған. Ақшаны берген судья да ұсталған. 

Жоғарғы сот олардың аты-жөнін атамады. 

— Тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан, басқа ақпарат берілмейді, — делінген сайтта. 

Бұрын БАҚ Жоғарғы соттың судьясы Мейрам Жанғұттинов 8 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталғанын хабарлады.

Поделиться

Нет комментариев.

12/02/2021 11:36
45323 0

Уведомление