Тоқаев қандай реформа ұсынды?
Президент парламент отырысында сөз сөйледі
Фото: vlast.kz
15 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент отырысында сөз сөйледі. Онда ол депутаттарға:
- Партиялардың Мәжіліске өту межесін 7 %-дан 5 %-ға төмендетуді;
- Сайлау бюллетеньдеріне «Бәріне қарсы» бағанын қосуды;
- Онлайн петиция институтын заңнама деңгейінде құруды;
- Ауыл әкімдерімен қоса аудан әкімдерін сайлауды біртіндеп іске асыруды;
- Омбудсмен туралы жеке заң қабылдауды, оның аппаратын ұлғайтуды;
- Жастар индексін енгізуді (әзірге мұның не екенін біз де білмейміз) ұсынды.
Сонымен бірге президент үкімет отставкаға кеткенін хабарлады. Министрлердің орнына «міндетін уақытша атқарушылар» келеді. Жаңа үкіметтің құрамы 19 қаңтарда белгілі болуы мүмкін.
Нет комментариев.