Тәліптер ауған әйелдеріне спортпен айналысуға тыйым салды

Олар «әйелге спорт қажет емес» дейді


09/09/2021
14:38 39133 0

Фото: ria.ru

 

Ауғанстан билігінде отырған тәліптер әйелдерге крикет пен басқа спорт түрлерімен айналысуға тыйым салды. Мұны SBS News хабарлайды

 

Ауғанстан мәдениет істері жөніндегі комиссиясы басшысының орынбасары Ахмадолла Уасық «әйелге спорт керек емес» дейді. 

 

— Ойын кезінде крикетші әйелдің беті мен денесі көрініп қалуы мүмкін, ал бұған исламда тыйым салынған, — дейді шенеунік. 

 

Оның сөзінше, ауған әйелі үйден тек қажет кезде шыға алады, ал спорт «қажет нәрсе» емес. 

 

15 тамызда «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ұйымы Ауғанстан билігін басып алды. Олар әйелдерге министр болуға, үйден шығуға, университетте ерлермен бірге оқуға тыйым салды. 

 

Бұған ауған әйелдері бірнеше рет бас көтерген еді. Тәліптер оларды күш көрсетіп, көзден жас ағызатын газ қолданып таратты. 

 


 

Telegram, Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшамызға жазылыңыз. 

 


 

Поделиться

Нет комментариев.

09/09/2021 14:38
39133 0

Уведомление