Save the Children: Мьянмада әскер қолынан 40-тан астам бала көз жұмды

Олардың ең кішкентайы алты жаста болған


02/04/2021
11:05 44583 0

Фото: bbc.com

 

1 ақпаннан бері Мьянмада әскер қолынан 43 бала қаза тапқан. Мұны халықаралық құқық қорғау ұйымы Save the Children хабарлады.  

 

— Олардың ең кішкентайы алты жаста болған. Бір 13 жасар бала әскерилерден тығылам деп, ал 14 жасары үйінде отырғанда не ауласында жүргенде оқ астында қалған, — дейді құқық қорғаушылар.  


1 ақпанда Мьянма әскері елде төңкеріс жасап, азаматтық билікті құлатты. Бұған наразы халық көшеге жаппай шығып жатыр. Әскерилер оларды басып жаншу үшін қару қолданып, кемі 510 адамды өлтірген. БҰҰ мұны адамдарды жаппай өлтіру деп атады.

Поделиться

Нет комментариев.

02/04/2021 11:05
44583 0

Уведомление