Санжар Боқаев Namys партиясын құрғанын хабарлады

Кәсіпкер партия цифрлық болады дейді


17/02/2022
12:42 36905 0

Фото: vlast.kz

Саясаттанушы әрі кәсіпкер, Алматы ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Санжар Боқаев Namys деген цифрлық партия құрғанын хабарлады.

Боқаев ұйымның көздегені — әділдік пен адал, парасаттылар билейтін жаңа Қазақстан құру, ал басты құндылығы — әр адамның құқығы мен бостандығы дейді. 

— Партияның басты құндылығы — адам. Біздің азаматтар — еліміздің негізгі капиталы, ал адам құқығы мен бостандығы — ең басты байлығы. Біраз біз сол басты капиталымыздан, әсіресе жастардан айырылып барамыз, — деді кәсіпкер партиясын жұртқа таныстырғанда. 

Саясаттанушы партия бірнеше реформа ұсынатынын айтты. Біріншісі — «құқық қорғау органдарын, әсіресе ҰҚК тазалау, жұмысын толықтай өзгерту». Екіншісі — «сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес». Үшіншісі — мәдени төңкеріс жасау, жастардың потенциалын ашу. Төртіншісі — әділ, ашық, тәуелсіз сайлау жүйесін құру. 

Қазақстанда парламент және мәслихат сайлауға түсем дейтіндер міндетті түрде тіркелген партияға мүше болуы керек. Бірақ біздің елде партияны тіркеу қиынға соғады. Кейінгі он жылда түрлі белсенділер мен саясаткерлер өз ұйымын тіркегісі келген. Алайда Орталық сайлау комиссиясы рұқсат бермеді. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқыңыз. 

Поделиться

Нет комментариев.

17/02/2022 12:42
36905 0

Уведомление