Садыр Жапаров Қырғызстан президенті болды. Кейбір ОСК мүшесі бұл шешімге келіспеді

Олар сайлау заңсыз өтті дейді


21/01/2021
12:40 47038 0

Фото: sputnik.kg

 

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы елдің жаңа президенті Садыр Жапаров болды деп хабарлады. Бірақ комиссияның екі мүшесі сайлау заңсыз өтті дейді. Мұны 24.kg хабарлады. 

 

Ресми қорытынды бойынша 10 қаңтарда өткен президент сайлауда Садыр Жапаров 79,2 % дауыс жинаған. 

 

Бірақ ОСК мүшелері Гүлнар Журабаева мен Әділет Сатығұловтың сөзінше, сайлау заңды өткеніне күмән бар. Олар бірнеше рет заң бұзылды дейді: 

 

  • Президент міндетін атқарып отырған адамның президент сайлауға түсуіне құқы жоқ (Жапаров Сооронбай Жээнбеков отсавкаға кеткенде президент міндетін атқарушы боп тағайындалды). Бұл әкімшілік ресурсын пайдаланбау үшін ойлап табылған; 

 

  • Жапаров сайлауалды үгіт-насихатына 15 миллион сомды қайдан тапқаны мен қайда жұмсағаны белгісіз; 

 

  • Жапаров әкімшілік ресурсын (мемлекет қаржысы) қолданғандықтан кандидаттар сайлауалды үгіт-насихатын тең дәрежеде өткізе алмады. 

 

ОСК мүшелердің пікірін ескереміз деген.

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/01/2021 12:40
47038 0

Уведомление