Жауап БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында жазылған.
Адам құқықтары жөніндегі ең басты құжатта адамның:
- өмір сүру, азат болу, жеке өмірін қорғау;
- құлдық, алалау мен азаптан еркін болу;
- әділ сотқа шағымдану;
- қадір-қасиетін, ар-ожданын қорғау;
- мүлік иесі болу;
- еркін жүріп-тұру мен қалаған жерінде тұру;
- некелесіп, отбасы құру;
- қалаған діні мен сенімін ұстану;
- қалаған пікірін еркін айту;
- ақпарат, идея алып, тарату;
- бейбіт жиналыс ұйымдастырып, қатысу;
- елді басқаруға тікелей немесе өкілдері арқылы араласу;
- мемлекеттен көмек алу;
- еңбек ету, қалаған жұмысына тұру, лайық жалақы алу;
- демалу;
- білім алу;
- қоғамның мәдени өміріне араласу құқығы бар делінген.
Адамның басқа қандай құқы барын мына жерден, ал жалпы құқық қайдан пайда болатынын мына жерден оқи аласыздар.
Нет комментариев.