Есірткі тауып алдым. Не істейін?

Қазір ескірті сату/алудың түрлі жолы бар. Кей наркосатушы есірткісін интернетте (даркнетте) сатады, ақшаны онлайн төлем арқылы алып, тауарды көшедегі бір жерге (балалар ойын алаңы, аялдама, аула және тағысын-тағы) тығып кетеді, координатын сатып алушыға береді, сатып алған адам барып тауарын алады.


Тығулы тұрған есірткі тауып алсаңыз, не істегеніңіз жөн?




  • 102 нөміріне дереу қоңырау шалып, полиция шақырыңыз. 
  • Тимеңіз — зат қауіпті, улы болуы мүмкін. Оның үстіне, саусақ ізіңіз қалмасын. 
  • Полиция келгенше сақтық шарасы ретінде затты фотоға түсіріп алыңыз — бұл тауар сіздікі емес екеніне, даладан тауып алғаныңызға дәләл болады. 
  • Есірткіні қараусыз қалдырмаңыз. Балалар тауып алып, абайсызда бірнәрсе жасап қояр. 
  • Сол маңнан қандай да бір күдікті адамды көрген болсаңыз, полицияға айтыңыз. 

Маңызды: менің шаруам емес, басыма бәле болар деп есірткі тауып алғаныңызды жасырмаңыз — полицияға дереу хабарлаңыз. Тауарды алған адам шегіп алып, айналасындағыларда зиянын тигізбесін. 


26/07/2021 14:39 4034 1

26/07/2021
14:39 4034 1

Поделиться
vvf 13/05/2022 18:37
л
Ответить
0 0

Уведомление