Қоғамдық орында секспен айналысуға бола ма?

Жоқ, болмайды. Бұған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабында («Ұсақ бұзақылық») тыйым салынған




Оған сәйкес, қоғамдық орындарда жыныстық қатынас жасау «айналасындағы адамдарды сыйламау, қоғамдық тәртіп пен адамдар тыныштығын бұзатын әрекет» саналады.  

 

Айтпақшы, Қазақстан заңнамасында қоғамдық орын не екеніне нақты бір анықтама берілмейді. 

 

Қоғамдық орында секспен айналысқандар 5 АЕК (2020 жылы бұл 13 890 теңгеге тең) төлейді не он күнге дейін әкімшілік қамаққа алынады. 

 

Бұл құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, кінәлілер 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін. Бірақ әкімшілік қамаққа алынбайтын адамдар тобы бар: 

 

  • жүкті әйелдер; 
  • 14-ке толмаған балалары бар әйелдер; 
  • 58-ден асқан әйелдер; 
  • кәмелетке толмағандар; 
  • І және ІІ топтағы мүгедектігі барлар; 
  • 63-тен асқан ерлер;
  • 14-ке толмаған балаларын жалғыз өзі асырап отырған ерлер.

Олар 20 АЕК-ке дейін (55 560 мың теңге) айыппұл төлейді.


26/11/2020 13:50 6053 0
Автор: masa.media

26/11/2020
13:50 6053 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление