Заңдар адам құқығын бұза ала ма?

Иә, бұза алады.




Негізі заңдар адам құқықтарын қорғауы тиіс. Бірақ іс жүзінде бұзуы мүмкін. 

 

Бәрі былай болу керек: халық әділ сайлауда парламентке өз өкілдерін тағайындайды. Кейін депутаттар халықтың бір бөлігі бола отырып оны қорғайтын заңдарды қабылдайды. 

 

Бірақ іс жүзінде жүйе дұрыс бағытта жұмыс істемегенде мемлекет басында отырғандар адам құқықтарын бұзатын заңдар ойлап табады. 

 

Қазақстанның қай заңдары халықаралық құқыққа сай келмейтінін білу үшін оларды парламент ратификациялаған халықаралық құжаттармен салыстыру қажет. Мысалы, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясымен. Жергілікті және халықаралық сарапшылар Қазақстан заңдарын талай сынаған еді. 

 

Мәселен, халықаралық ұйым Human Rights Watch баяндамасында былай дейді: «БҰҰ діндер еркіндігі жөніндегі арнайы баяндамашысы Қазақстанға 2011 жылғы діндер туралы заңды түбегейлі өзгертуге кеңес берді. Оның ойынша, заң дәстүрлі емес діндер еркіндігін бұзады»

 

Қазақстан Конституциясына 14-бабында «бәрі заң алдында тең» делінген. Бірақ «ҚР бірінші президенті туралы» заңда оған кереғар бап бар: 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстап алуға, қамаққа алуға және күзетпен ұстауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды». 

Құқық қорғаушылар мен заңгерлер бейбіт жиналыстар туралы заңды да адам құқығын бұзады деп есептейді. Неге екенін құқық қорғаушы Роман Реймердің бағанасынан оқыңыз.

 


24/08/2020 11:58 4675 0

24/08/2020
11:58 4675 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление