Куә мен куәгердің айырмасы неде?

Өмірде бұл сөздерді синоним ретінде қолданамыз, бірақ заңнамада олар — екі бөлек нәрсе. Айырмасын түсіндірейік




Куә — қылмысқа куә болған, кейін сол іске қатысты ақпарат беретін адам. Оны сот, тергеуші, прокурор жауап алуға шақырады. Куә оған келуге міндетті. 

 

Куә өзіне, жұбайы не жақын туыстарына қарсы айғақ беруден бас тарта алады. 

 

Ал куәгер дегеніміз — тергеу процесіне қатысып, оның заңға сай өткенін тексеретін адам. Орысша понятой. 

 

Мысалы, үйіңіз тінтіліп жатса, полиция қасына кемінде екі куәгер алуға тиіс. Олар полицейлердің іс-әрекеті заңға сай екенін тексереді, хаттаманы оқиды, қол қояды. 

     

Куәгер әкімшілік не қылмыстық істің қорытындысына қызықпауға, құқық қорғау органдарына тәуелсіз болуға тиіс. 

 

Кім куәгер бола алмайды:

  • кәмелетке толмағандар;
  • құқық қорғау органы қызметкері;
  • сотта істейтіндер;
  • арнайы заң оқу орнының студенті;
  • пробация бақылауында тұрған адам;
  • қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылып жатқан адам.

Азамат әрқашан куәгер болудан бас тарта алады.


21/07/2021 12:37 10906 0

21/07/2021
12:37 10906 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление