Арыз бен шағымның айырмасы қандай?

Айырмашылығы соншалық үлкен емес




Арызды адам өз құқығын пайдаланғысы келетін кезде береді. Мысалы, табысынан айырылған азамат 42 500 теңге алғысы келеді делік. Сол үшін ол  арыз жазады. Егер құзырлы орган осы жәрдемақыны бермесе және адам «жоқ, бұл көмекті алуға құқым бар, құқығым бұзылды» десе, онда сол органға не полиция, прокуратура, сотқа шағым жазады. Олардың бар айырмасы — осы, ал ұқсастығы, екеуі де өтініш (орысша обращение) боп есептеледі. 

 

Бұл айырмашылықтар 2007 жылы шығарылған «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшін қарау тәртiбi туралы» заңында жазылған.  

 

Алайда, адвокат Руслан Қожахметтің сөзінше, бұл ресмилікті азаматтар сақтамаса болады, яғни өз өтінішін олар шағым деп атай ма, арыз деп атай ма, маңызды емес. Бастысы, онда өтініш беріп отырғанның толық-аты жөні, ЖСН (ИИН), мекенжайы, мәселесі егжей-тегжейлі жазылса, астында қолы болса, болды. Арыз не шағым деп қате жазылған деп меморгандар мен ұйымдардың азаматтар өтінішіне жауап бермеуге құқы жоқ. 

 

Бірақ адвокаттар, заңгерлер, меморгандар мен заңды тұлғалар өз өтінішін арыз не шағым деп дұрыс көрсетуге тиіс.

 


24/12/2020 12:45 5299 0

24/12/2020
12:45 5299 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление