Қазақгейт, инсульт, LRT: Қазақстандағы атышулы 5 жемқорлық ісі
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық неге тоқтамай тұр
МАЗМҰНЫ
2020 жылы Қазақстан жемқорлық деңгейі бойынша 180 елдің ішінде 94-орынға жайғасты. Бұрын, 2019 жылы мемлекеттің позициясы 113-орында болған. 19 орынға көтерілсе де Қазақстан әлі жемқорлық деңгейі жоғары елдер қатарында.
Осы орайда masa.media елдегі ең атышулы жемқорлық істерін еске түсірді.
Сыбайлас жемқорлық — лауазымды мемлекеттік қызметкердің:
-
-
-
-
-
- жұмыс бабы мен өзіне сеніп тапсырылған құқықты асыра не заңсыз пайдалануы;
- мемлекет қаржысын жымқыруы;
- мемлекет мүлкі мен қызметі үшін қарамағындағылар мен басқа азаматтардан пара алуы.
-
-
-
-
ЖЫР БОЛҒАН АСТАНА LRT
2017 жылы Астанада сол жағадан аэропорт пен теміржол вокзалына дейін адам таситын жеңіл рельсті транспорт жүйесі салына бастады. Жоба үшін Қазақстан Қытайдың мемлекеттік дамыту банкінен 1,5 миллард доллар қарыз алды. Сол кезден бастап-ақ жұрт құрылысқа тым көп ақша бөлінді деп сынға алды.
2019 жылы Тоқаев та бұл жобаны сынға алып, оған бөлінген ақша қайда және қалай жұмсалғанын Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексере бастады.
Тексеріс кезінде үш шенеунік пен бес кәсіпкерге «мемлекет ақшасын жымқыру, қылмыс тобын құру» айыптары тағылды. Ал Астана (Нұр-Сұлтан) әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана ЛРТ» компаниясының басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу мәліметіне қарағанда олар кәсіпкерлермен бірігіп, жұмыс ақысын көтеріп, миллардтаған теңгені өтірік компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Астанадағы (Нұр-Сұлтандағы) бітпей қалған жеңіл рельсті транспорт желісі құрылысы. Фото: inbusiness.kz
Қазір сот ісі жүріп жатыр. Бірінші отырыс 2020 жылғы қазанда өтті.
Бірақ бұл шуға қарамастан құрылыс жалғаса бермек. Алайда станция мен жүргіншілер жолы саны қысқартылады.
1,5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ШЫҒЫН КЕЛТІРГЕН «ҚОРҒАС ІСІ»
2011 жылы сол кездегі Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес агенттігі ұйымдасқан топ Қытайдан Қазақстан мен Қырғызстанға контрабанда өткізіп келгенін анықтады. 45 адамға түрлі айып тағылды: контрабанда, өз билігін асыра пайдалану, қылмыстық топ құру. Сотталғандар арасында ҰҚК (КНБ) мен кеден қызметкерлері болды. 2014 жылы 17 жылға қамалған Талғат Жақаев (ҰҚК) пен 14 жылға Құрманбек Артықбаев (кеден қызметі) бес жылдан кейін босап шықты. Олар жазасын айыппұлмен өтейтін болды.
БАҚ хабарлауынша, осы қылмыстар кесірінен мемлекетке 1,5 миллиард теңге шығын келген.
ҚАЗАҚГЕЙТ
Қазақстан оппозициясы Қазақгейт деп атап кеткен бұл іс 2003 жылы басталып, 2010 жылы бітті. АҚШ прокуратурасы Джеймс Гиффен деген азаматын Қазақстан басшылығында отырғандарға мұнай компаниялары атынан 78 миллион доллар пара берді деп айыптады.
Джеймс бұрынғы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мұнай жөніндегі кеңесші болған. Өзінің айтуынша, АҚШ бұл істі Назарбаев елдің мемлекеттік хатшысы Майк Олбрайтты азарлағаны үшін қозғағанын айтады.
Cол жақта Джеймс Гиффен, ортада Назарбаевтың жұбайы Сара, оң жақта экс-президенттің өзі
Бұл жанжал АҚШ пен Қазақстанның қарым-қатынасын біраз шайқалтқан еді. 2004 жылы АҚШ прокуратурасы бұл іске Нұрсұлтан Назарбаев пен экс-премьер-минстрі Нұрлан Балғымбаевтың қатысы бар деді. Бірақ оларға ешқандай айып тақпады.
2007 жылы екі жақ келісімге келгендей болды. Қазақстан үкіметі швейцар банктерінде бірнеше шоты барын мойындап, ондағы ақшаны балалар біліміне жұмсаймыз деп уәде берді. Соның аясында елде «Бота» қайырым қоры пайда болды. Ал АҚШ жауап ретінде істі тоқтатты. Сөйтіп, 2010 жылы АҚШ соты Гиффенді ақтап алды. Қазір саясаттанушылар Қазақстан үкіметінің шетел банктерінде шоты барын мойындауы — Гиффеннен пара алғанының дәлелі дейді.
Жалпы, бұдан бұрын да Қазақстан мен шетелдік мұнай компанияларының қатысы бар жемқорлық жанжалдары болған. Мысалы, Олег Червин «Қазақстанның қара қаны» кітабында 1995 жылы «Лукойл» компаниясы Назарбаевқа ұшақ бергені, 1999 жылы Бельгия мен Швейцарияның құқық қорғау органдары «Трактебель» компаниясы Қазақстанның аты аталмаған жетекшілеріне 50 миллион доллар бергенін анықтағанын жазған.
«ИНСУЛЬТ АЛҒАН» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
2010 жылы қаржы полициясы бұрын парламент депутаты, кейін денсаулық сақтау министрі болған Жақсылық Досқалиевке
- аса ірі көлемде пара алған;
- өз билігін асыра пайдаланды;
- мемлекет ақшасын жымқырды деген айыптар тақты. Шенеунік жеті жылғы түрмеге жабылған, мүлкі тәркіленген еді.
Бұл істің басқа жемқорлық істерінен айырмасы жоқ сияқты. Шенеунік (министр) — пара алды, мемақшаны жымқырды, өз билігін асыра пайдаланды — түрмеге қамалды — кейін мерзімінен бұрын босап шықты.
Жақсылық Досқалиев. Фото: azattyq.org
Бірақ Досқалиевтің әні басқа әндерден өзгерек. Ол бірінші тергеуден кейін инсультпен ауруханаға түседі. Кейін оның комада жатқаны белгілі болды.
Бірақ қаржы полициясы жариялаған видеодан бұрынғы министр комаға түспегені, еш қиындықсыз сөйлеп тұрғаны көрінеді. Содан кейін дәрігерлер шенеуніктің денсаулығы туралы өтірік мәлімет бергенін мойындады.
Түрмеге түскеннен кейін Досқалиев сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрайды. Басында жаза мерзімі жеті жылдан екі жылға қысқартылады, кейін бас бостандығы шектеліп, түрмеден шықты. 2013 жылда Республикалық транспланттау және технологиялық медицина қызметін үйлестіру орталығының директоры болып тағайындалды.
ЖЕТІ ЖЫЛ ОРНЫНА ЕКІ ЖЫЛ ОТЫРҒАН ЭКС-ПРЕМЬЕР
Бұрынғы премьер-министр және қорғаныс министрі Серік Ахметов 2014 жылы:
- өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды;
- заңсыз кәсіппен айналысты;
- өз билігін асыра пайдаланды деген айыптар тағылып, 2015 жылы 10 жылға түрмеге қамалған еді. Мүлкі тәркіленді.
Іс өтіп жатқан кезде Ахметовке тағы бір айып тағылған еді — «ірі көлемде пара алды». Прокурорлар бұрынғы шенеунік 600 миллион теңгедей пара алды деген. Бірақ бұл айып кейін алып тасталды.
Серік Ахметов. Фото: kapital.kz
2016 жылы сот Ахметовтің мерзімін 10 жылдан сегіз жылға азайтты. Кейін тағы бір рет кемітіп, 2017 жылы ақыры тек бас бостандығы шектеліп, Ахметов түрмеден шықты.
Иллюстрация: Лейла Тапалова
Нет комментариев.