Польша билігі абортқа тыйым салуды кейінге шегерді

Елде бұл тиымға жаппай наразылық болып жатыр


04/11/2020
11:24 47283 0

Фото: thournal.ru

 

Польша үкіметі соттың абортқа тыйым салу туралы үкімін орындауды кейінге шегерді. Мұны премьер-министр канцеляриясының басшысы Михаил Дворчик айтты деп Новая газета хабарлады. 

 

— Қазір талқылау жүріп жатыр. Осы қиын жағдайда диалогқа уақыт бөліп, жаңа шешім табу қажет, — деген М. Дворчик. 

 

Қазанның соңында Польша Конституциялық соты аборт туралы заңды қатайтып, елде аборт жасауға толықтай тыйым салды. Үкім 2 қарашада өз күшіне енуі керек еді. Бірақ елде жаппай наразылық басталды. 30 қазанда Варшавада 150 мыңдай адам көшеге шыққан.

 

Поделиться

Нет комментариев.

04/11/2020 11:24
47283 0

Уведомление