Паразиттер: Қазақстанда парламенттегі партиялардың бюджеттен қанша теңге алатынын есептейтін сайт ашылды

Атауы — parasites.kz


17/02/2021
15:11 46197 0

Фото: parasites.kz сайтынан скрин

 

17 ақпанда Қазақстан парламентіндегі партиялар бюджеттен қанша ақша алып жатқанын секунд сайын есептейтін сайт ашылды. Атауы — parasites.kz. Оны кәсіпкер Санжар Боқаев іске қосқан

 

Оның ойынша, парламентте отырған саяси партиялар мемлекет бюджетінен ақша алмауға тиіс. 

 

— Мемлекеттің саяси партияларды қаржыландыруы республика бюджетінің ең пайдасыз шығыны болып отыр. Ерінбей сайт әзірлеушілерді жалдадым. Енді барлық қазақстандық www.parasites.kz сайтынан партияларға секунд сайын қанша ақша түсіп жатқанын көре алады. 

 

Жылдың алғашқы 1,5 айында оларға 1 миллиард теңге жұмсалған. Nur Otan-ға күніне 18 миллион теңге аударылады, бұл — бір бөлмелі пәтердің құны ғой. Ал «Ақ жол» айына 84 миллион теңге не күніне 2,8 миллион теңге алады. Халық партиясы да солай. Менің ойымша, саяси партиялар салығымызды алмауға тиіс. Олар — мемлекет пен қоғамдағы паразиттер, — деп жазды ол Facebook парақшасында. 

 

Қазақстанда парламенттегі партиялар мемлекет бюджетінен қаржы алып отырады. Қанша алатыны ең кейінгі сайлауда жинаған дауыс санына байланысты. Партия қаншалық көп дауыс жинаса, бюджеттен соншалық көп ақша алады. 

 

Ең кейінгі парламент сайлау 10 қаңтарда өтті. Ресми қорытындыға сай заң шығару органына үш партия өтті — Nur Otan (71 % дауыс), «Ақ жол» (10,95 %) мен Қазақстанның халық партиясы (9,10 %).

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/02/2021 15:11
46197 0

Уведомление