Пара алды деп ұсталған Жоғарғы сот судьясы екі айға қамаққа алынды

Судьяның кім екені айтылмайды


12/04/2021
11:32 43993 0

Фото: sud.gov.kz

 

Пара алды деген айыппен ұсталған Жоғарғы сот судьясы екі айға қамаққа алынды. Мұны Астананың (Нұр-Сұлтан) мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады

 

«2021 жылы 9 сәуірде Астана (Нұр-Сұлтан) қаласы ауданаралық мамандандырылған соты Ж.-ны қамауға алу туралы шешім шығарды», — делінген хабарламада. 

 

Күдікті судья ақпанда басқа бір судьядан ірі көлемде ақша алып жатқан жерінен ұсталған. Олардың аты-жөні айтылмайды. 


Бұрын БАҚ Жоғарғы соттың судьясы Мейрам Жанғұттинов 8 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталғанын хабарлаған еді.

Поделиться

Нет комментариев.

12/04/2021 11:32
43993 0

Уведомление