Ұмытылмас: Жаңаөзен-2011 туралы деректі 4 фильм

+ 1 сұхбат


16/12/2020
10:20 9860 0

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі — 2011 жылы өткен Жаңаөзен мұнайшылары ереуіліне биыл 9 жыл толды. 

masa.media осы оқиғаға қатысты түрлі видеоматериалды бір жерге жинады.


Тарихи мағлұмат: 

2011 жылғы мамыр-желтоқсан аралығында Жаңаөзен мен Маңғыстау облысының басқа қалаларында «ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясының 1,5 мыңға жуық жұмысшысы ереуілге шықты. Олар басшылықтан жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен еді. Сол жылдың 16 желтоқсаны Жаңаөзенде жаппай наразылық басталып, полиция халыққа оқ атты. Ресми деректер бойынша осы ереуілде 15 адам қаза тапқан. Бірақ құқық қорғаушылар мен сарапшылар бұл дерекке сенбейді. Кейін ереуілге қатысқан ондаған адам әртүрлі айыппен түрмеге қамалды, бас бостандығы шектелді. Тарихта бұл оқиға Жаңаөзен оқиғасы деген атпен қалды.


«ЖАНАОЗЕНСКИЙ ДНЕВНИК» 

Фильм Жаңаөзен оқиғасынан екі жыл өткен соң түсірілген. 40 минутқа созылған туындыда автор Жаңаөзен көтерілісінің куәгерлерімен сұхбаттасады, ереуілден үзінділер, сот процестері, сотталғандар мен олардың жақын туыстарының бүгінгі өмірі көрсетіледі. Фильм соңында автор кейіпкерлерден «Әділдік орнай ма?» деп сұрайды. Барлығы «жоқ» деп жауап береді.  

Фильм авторы құқық қорғаушы, «Либерти» қоғамдық қорын басқарушы Ғалым Ағелеуов.

«ЖАНАОЗЕН. ДО ВОСТРЕБОВАНИЯ»

Бірнеше бөлімнен тұратын бұл туынды 2012 жылы жарық көрген. Фильм авторы, журналист Асылбек Абдулов оқиға қалай басталып, аяқталғанын айтып қоймай, ереуілдегі арандатушы топқа айрықша тоқталады.

«ЖАНАОЗЕН: НЕИЗВЕСТНАЯ ТРАГЕДИЯ»

Ұзақтығы 25 минут бұл фильм алғаш рет 2013 жылы Мәскеуде жарық көрді. Авторлар фильмді Назарбаевтың бұйрығымен жабылған оппозияциялық Stan.tv-дің материалдарына сүйеніп жасаған. 

Фильмді түсірген: Юлия Мазурова. Идея авторы: Ресей журналисі, саясаткер Денис Билунов. 

«ЖАҢАӨЗЕН: ЖАЗЫЛМАҒАН ЖАРА»

Бұл фильмді Азаттық Радиосы түсірген. Онда журналистер 16 желтоқсандағы жаппай наразылықты өз көзімен көрген бірнеше Жаңаөзен тұрғынымен сұхбаттасып, түрлі БАҚ-та жарияланған видеоматериалдарды бір жерге жинады.

 

ЖҰЛДЫЗ ТӨЛЕУ: «ЖАҢАӨЗЕН ШЫНДЫҒЫ АЙТЫЛҒАН ЖОҚ»

Бонус ретінде сізге бір сұхбат ұсынбақпыз. Мұнда журналист, Жаңаөзен оқиғасының куәгері Жұлдыз Төлеу YouTube-тағы «Жаңа Алаш» арнасына сұхбат береді. Ереуілден жарты айға жуық тікелей хабар таратқан Жұлдыз сонда бар көргені мен БАҚ-та айтылмаған оқиға туралы кейбір дүниені айтып берді. 

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова 

Поделиться

Нет комментариев.

16/12/2020 10:20
9860 0

Уведомление