Мәслихат депутаты бізге не үшін қажет?

Жергілікті депутатқа өз міндетін қалай орындатуға болады


15/12/2020
12:36 7624 0


 

 

Қазақстанда шенеуніктер мен азаматтар арасында дау-дамай туғанда «мәслихат депутаттары азаматтарды жақтады» дегенді сирек естиміз. Дегенмен халықты қолдау, оның мәселесін шешу — мәслихат депутаттарының басты міндеті. Қандай да бір қиындық туғанда олардан көмек сұрауға толық құқығыңыз бар. Депутаттан қалай көмек сұрау керек, оған қалай хабарласуға болады — жауабы осы жерде. 

 

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ДЕГЕН КІМ?

 

Мәслихат — әр облыс пен қаладағы халықтың мүддесін қорғауға тиіс жергілікті өкілдер органы. Мәслихат депутаттары жергілікті бюджетті бекітіп, оның қайда жұмсалғанын тексеріп отырады, аймақты дамыту бағдарламасын жасап, қайта қарау комиссияларын құрады, негізгі және даму жоспарын бекітеді, өз аймағынан парламентке сенаторлар сайлайды.

 

Сонымен қатар мәслихат депутаты адамдар мен әкімдіктер арасында делдал болып, халықтың мәселелерін шешуі керек. Оның басты міндеті — азаматтар мүддесін қорғау, құқығы бұзылса, кінәлілерді жауапқа тарту. Бұл үшін олар бюджеттен қаржы, ал мемлекеттен түрлі жеңілдік алып отыр. Алайда депутаттардың көбі барынша БАҚ және сайлаушыларымен байланысқа шықпауға тырысады, тіпті мүлдем шықпайды.

 

Талдау кезінде  мәслихат депутаттары бірқатар заң бұзғанын анықтадық. Көбіне олар азаматтарға ресми жауап бермейді не жауабын уақытында бермейді екен, осылайша олар адамдардың өтінішін қарау туралы заңды бұзып отыр. 

 

Біз қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс тәртібі қаншалықты сақталатынын мұқият тексердік. Тәртіптің бесінші тармағына сәйкес партия мүшелері бір жыл ішінде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде кем дегенде төрт жеке қабылдау өткізуге міндетті. Алайда талдау нәтижесі партия мүшелері бұл ережені бұзатынын анықтады. Бұл ережені барлық аймақтың депутаттары бұзады.

 

Снежанна Имашева, Nur Otan партиясы бақылау комитетінің мүшесі

 

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕМЕН БАРУҒА/ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ?

 

Кез келген мәселемен.  

 

            • Депутатпен жеке кездесуге не ұжымдық қабылдауға жазылуға болады. 
            • Шағымдарды, ескертулерді, өтініштер мен ұсыныстарды жолдауға болады. Олардың бәрін пошта не электрон пошта арқылы жібере аласыз. Олардың мекенжайын қалай табуға болатынын төменде айтып береміз. 

 

Мысалы, Алматы мәслихатының 28-ші сайлау округінен (Бостандық округі) депутаты Константин Авершин халық өзіне жақыны жоғалып кеткенде, жарығы сөнгенде, біреуді ауруханаға жатқызу керек кезде, бизнесін біреу заңсыз басып алғанда не заңсыз құрылыс жүрген кезде хабарласатынын айтты. 

 

Алматыда кәсіппен айналысатын Жанна Нұрсейітова Каблуков, 120-дегі аулада ұзақ уақыт бойы жарық болмағанын айтты. Ал бұл мәселені ПИК шешкісі келмеген не шеше алмаған. Аудан депутатына хабарласқаннан кейін мәселе тез арада шешілген екен. 

 

Депутаттардан көмекті дұрыс сұрау керек. Округті ғана емес, сонымен қатар әр депутаттың профилін, құзыреті қандай екенін білуіңіз керек. Олар әртүрлі комитет мен комиссияға мүше ғой. Өзіңіз тұратын тұратын ауданның экологиялық не көлік жағдайы алаңдатса, округіңіздің депутатына емес, сізге қажет экологиялық, көлік не басқа комиссияға мүше депутатқа жүгінген жөн.

 

Жанна Нұрсейітова

 

ДЕПУТАТ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ДҰРЫС ІСТЕМЕСЕ, НЕ ІСТЕГЕН ЖӨН?

 

Заңгер Руслан Қожахметтің айтуынша, мәслихаттар сайтында барлық депутаттың байланыс деректері, жұмыс кестесі және қабылдау орны көрсетілуі керек. Бұл мәліметтер болмаса не дұрыс көрсетілмеген болса, демек депутат өз міндетін орындаймай отыр. Заң бойынша депутатты жауапқа тарту керек. Жазаның екі түрі бар: сөгіс айту не БАҚ арқылы халықтан кешірім сұрату.

 

Алайда осыған дейін Қазақстанда біреу мәслихат депутатына шағымданды не органдар оны жауапқа тартып жатыр дегенді естімеппін. Тіпті заңнамада шағым беру тәртібін қандай орган реттейтіні нақты көрсетілмеген. Меніңше, шағымды мәслихатқа пен аумақтық сайлау комиссиясына тапсыруға болады. 

 

Руслан Қожахмет

 

Ал Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибутов Қазақстанда өз міндеттерін орындамаған мәслихат депутатын бақылау тетіктері қарастырылмағанын айтады. Депутатқа шағымдануға болатын жер де, адам да жоқ. Ресеймен салыстырсақ, Қазақстанда жергілікті өкілдер органдарында төраға жоқ. Тек хатшы бар, бірақ оған депутат бағынбайды. Сондықтан ең дұрысы — депутат болуға лайық үміткерді сайлау керек. 

 

Бұрын округ депутатын алып тастау тәртібі болған. Бірақ кейін ол жойылып, енді азаматтар өзі сайлаған депутатқа ықпал ете және оны мандатынан айыра алмайды. Қазір депутат өз қызметінен төрт жағдайда кете алады:

 

              1. өз еркімен кетсе;
              2. партиядан шықса не бұл партия өз қызметін тоқтатса;
              3. қылмыстық жауапқа тартылса;
              4. пленарлық отырысқа қатарынан үш рет келмесе.

Марат Шибутов

 

2018 жылдан бастап Қазақстан азаматтары мәслихатқа өзін-өзі ұсына алмайтын болды, яғни мәслихаттарға тек партия мүшелері өтеді. Сондықтан қызметін толық орындамайтын депутатқа шағымданам десеңіз, партия басшылығына барасыз. Бірақ қалай шағымдану керек, ол жағы әлі түсініксіз.

 

Кез келген жағдайда мәслихат депутаты сізге көмектеспеймін десе, мұны БАҚ не әлеуметтік желі арқылы көпшілікке жария етіңіз. 

 

ӨЗ ДЕПУТАТТЫМНЫҢ БАЙЛАНЫС БЕРЕГІН ҚАЙДАН ТАБАМЫН?

 

Іздеу жүйесіне өзіңізге қажет қала/аудан/облыс мәслихатының атын жазсаңыз, сол мәслихаттың сайты шығады. Мысалы  «Алматы қаласы мәслихаты» немесе «Шымкент қаласы мәслихаты» деп іздейсіз. 

 

Сол сайттан сіздің аймағыңыздан өкіл болып отырған депутатты таба аласыз. Оның азаматтарды қай уақытта қабылдайтынын және оның хатшыларының не көмекшілерінің байланыс нөмірін біле аласыз. Сайттарда мәслихат жанындағы комиссиялардың құрамы және сіз тұратын жер қай округке жататыны туралы ақпарат та көрсетілген.

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

15/12/2020 12:36
7624 0

Уведомление