Әлия Назарбаевның кітабы: карантинде тұсаукесер өткен театрдың директорына айыппұл салынды

Бұрын Бекшін іс-шара талаптарға сай өтті деген еді


22/10/2021
11:31 39345 0

Фото: esquire.kz

 

Әлия Назарбаеваға кітабын таныстыру кешін өткізуге рұқсат берген Қазақ мемлекеттік опера және балет академиялық театрының директоры Тайыр Қаратаевқа айыппұл салынды. 

 

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшін 670 910 теңге айыппұл салды дейді Orda.kz. 

 

Бұрын Бекшін «Күш-қайрат мекені» кітабының тұсаукесері өткен кеш заңға сай өткенін, келгендердің бәрінің Ashyq-тағы статусы жасыл болғанын айтқан еді. 

 

Таныстыру кеші 16 қыркүйекте, карантин күшейгенде өтті. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан оған ондаған адам қатысқанын көруге болады. Көбі — Қазақстан мен Ресейдің танымал адамдары. Кешті әртіс Максим Галкин жүргізген. 

Поделиться

Нет комментариев.

22/10/2021 11:31
39345 0

Уведомление