Әкімдіктер мүгедектерге арнап спорт алаңдарын салуға міндеттеледі

Сенат мәдениет, дене шынықтыру және спорт істері туралы заңға қол қойды


24/12/2020
14:04 47247 0

Фото: senate.parlam.kz

 

Сенат депутаттары мәдениет, дене шынықтыру мен спорт істері туралы заңға өзгертулер енгізді. Мұны «Информбюро» хабарлады.

 

Оған сәйкес енді: 

 

  • Әкімдіктер балалар мен жасөспірімдер спортклубтары мен спортшыларды емдеу-оңалтату диспансерлер санын арттыруға міндеттеледі. 
  • Мемлекет бюджетінен қаражат тек халық сұранысы бар спорт үйірмелері мен бапкерлерге бөлінеді. 
  • Құрылыс компаниялары тұрғын үйлердің спорт алаңдарын мүгедектер шыныға алатындай салуға және мұны әкімдіктер қадағалауға тиіс. 

 

Депутаттар осы өзгертулер арқасында Қазақстан халқының жартысына жуығы спортпен айналысады деп отыр. 

 

Енді бұл заң президентке қол қоюға жіберіледі. Мемлекет басшысы мақұлдаса, өзгертулер өз күшіне енеді. 


Біз бұрын депутаттар қалай заң қабылдайтынын жазғанбыз.

Поделиться

Нет комментариев.

24/12/2020 14:04
47247 0

Уведомление