Кеңес үкіметі кезінде Наурыздан қалай айырылып қалдық?

Қашан және қалай қайтарып алдық


19/03/2021
11:35 6339 0


 

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан 60 жылдан аса Наурыз мейрамын тойламай келді. Осы мерекеден қалай айырылып, қалай қайтарып алдық? masa.media айтып береді. 

 

НАУРЫЗДЫ ҚАЛАЙ АЛЫП ТАСТАДЫ?

 

Наурыз — көптеген түркі тілдес халықтың, соның ішінде қазақтардың жаңа жылы. Бірақ 1926 жылы Қазақстан жұрты бұл мерекені кеңінен тойлауды қойды. 

 

Бір қызығы, елде кеңес билігі орнағанда Наурыз ресми түрде тойланып жүрген. Түркістан республикасының атқарушы комитетінің басшысы Тұрар Рысқұлов 1920 жылғы 26 наурызда «Наурыз мерекесін тойлау туралы» бұйрығын шығарды. 

 

Фото: codex-cumanicus.livejournal.com 

 

Түркістан республикасы 1924 жылы бірнеше ұлттық республикаға бөлініп кетті, ал 1925 жылы Қазақстанды Филипп Голощекин басқаратын болды. Большевиктер Наурызды діни мереке деп санап, оны мемлекеттік деңгейде қарсы алуды тоқтатты. Наурызды тойлауға ресми түрде тыйым салынбады, десе де, олар мерекені кеңінен тойлауға мұрша бермеді.

 

СОНДА АДАМДАР ОНЫ МҮЛДЕМ ТОЙЛАМАДЫ МА?

 

Ол кезде Наурыз мемлекеттік мейрам болмады, адамдардың көбі оны үйінде тойлады. Кішігірім елді мекендерде тұрғындар дастархан жайып, жыл көжесін (сол кезде Наурыз көжені осылай атаған) пісіріп, бас қосатын. 

 

Қалған жерлерде халық тығылып тойлады. 

 

МЕРЕКЕНІ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫП АЛДЫҚ?

 

1988 жылы қайта құру кезінде Қазақстан алғаш рет Наурызды ресми түрде тойлады. Оған ақын Мұхтар Шаханов түрткі болған. Ол ҚазКСР-нің басшысы Геннадий Колбинге хат жазып, халық оны 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін жек көретінін, егер Наурызды жаңғыртса, бұл көзқарас өзгеретінін айтып көндіреді. Осыдан кейін Наурыз кеңінен тойлана бастады. 

 

Алматы, 1988 жыл. Автор: О. Ионов 

 

Қарағанды, 1988 жыл. Автор: В. Петухов

 

          • 1991 жылғы 15 наурызда ҚазКСР-нің президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Көктемгі халық мейрамы — Наурыз мейрамы туралы» қаулысын шығарып, 22 наурызды мереке күні деп жариялады. 
          • 2001 жылы Наурыз мемлекеттік мейрам болды. 
          • 2009 жылы ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қосты. 
          • 2010 жылы БҰҰ Наурызды халықаралық мереке деп жариялады.

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

19/03/2021 11:35
6339 0

Уведомление