Грекияда біреулер жемқорлық туралы еңбектерімен танымал журналисті атып кеткен

Оның денесінен 10 оқ табылған


12/04/2021
10:41 44010 0

Қылмыс орнынан сурет. Фото: rfi.fr

 

9 сәуірде Афинада белгісіз біреулер журналист Йоргос Караивазды атып кеткен. «Халықаралық француз радиосы» оның денесінен 10 оқ табылған дейді. 

 

52 жастағы Караиваз Star каналында қылмыстық істер туралы бағдарламада жұмыс істеген, одан бөлек, бірнеше жемқорлық ісін ашуға түрткі болған Bloko порталының негізін қалаған. Мотоцикл мінген белгісіз екі адам оған 15 рет оқ атқан.

 

Құқық қорғау органдары оны өлтіріп кеткендер профессионал киллер болған дейді. 

 

Грекия үкіметі журналистің өліміне қынжылатынын айтып, тез арада қылмыскерлерді табуға уәде берді.

Поделиться

Нет комментариев.

12/04/2021 10:41
44010 0

Уведомление