«Енеңізден талап етіңіз»: Қазақстан шенеуніктерінің коронавирус туралы хит цитаталары

Бекшін, Цой, Елбасы коронавирус туралы не деді


08/02/2021
12:29 73149 0

Жыл сайын Қазақстан шенеуніктерінің түрлі нәрсе айтып, ел аузынан біраз уақыт түспейтіні бар. masa.media олар коронавирус туралы не айтқанын зерттеп, хит цитаталарын жинады.

 

ЖАНДАРБЕК БЕКШІН: «ӘЙТЕУІР ДЕГЕНДЕ» 

 

Былтырғы қаңтарда Қытайда өршіген коронавирус екі ай ішінде бірнеше елден табылып үлгерді. Коронавирус ақыры елімізде пайда болуы керек дегеніне қарағанда сол екі ай қазір бұрынғы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшінге тым ұзақ уақыт болған сияқты: 

 

Болжамымыз бойынша елімізде 11–16 наурыз аралығында әйтеуір дегенде коронавирус табылуы керек. Бұл жай ғана болжам. Ол айтқанымнан бір апта бұрын не кейін анықталуы мүмкін. 

 

Коронавирус та Бекшінді тездетіп көргісі келді-ау деймін: Қазақстанға оның айтқан уақытында — 13 наурызда — келді :)

 

«АТА-ӘЖЕСІНСІЗ ҚАРСЫ АЛАДЫ»

 

Жаңа жыл алдында Алматының бас санитар дәрігері болған Бекшін мерекені тойламақ болған жастарды былай ескертті, ой, ту, қорқытты :) 

 

— Олар (жастар — ред.) карантин ережелерін сақтамаса, әке-шешесі мен ата-әжесіне вирус жұқтырады. Егер біреу кеңесімізге құлақ түрмесе, көбі келер Жаңа жылды ата-әжесінсіз қарсы алуы мүмкін. Ал бұған карантин ережелерін бұзған жастардың өздері кінәлі болады. 

 

«ӨКІНІШКЕ ҚАРАЙ, АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ АҚШАСЫ БАР» 

 

Жақында ол шетелден ПТР тестінсіз қайтып келген ел азаматтарының демалуға ақшасы барына қынжылатынын айтты. 

 

Өкінішке қарай, біздің кей азаматымыздың демалуға ақшасы бар. Шетелден қайтып келгенде олардың 90 %-ы коронавирус бар-жоғын анықтайтын тестен өтіп, тып-тыныш үйіне бара береді. Басқалары ақшасын үнемдегісі келеді. Оларға мемлекет транспорт беріп, қонақүйге орналастырып, ПТР тестін тегін жасап береді. Оларды біз бес жұлдызды қонақүйге апара алмаймыз. Өздері тестен өтпегендіктен олар жолаушылар мен қала тұрғындарының басын қауіпке тігіп жатқанын түсінуі керек, — деген Бекшін.

 

«ОТКАТ ЕМЕС, ОТКАЗ»

 

Пандемия басталып, елде карантин енгізіліп, қоғамдық орындар жабылғанда азаматтар табыссыз қалды. Сонда мемлекет оларға айына ең төмен жалақы — 42 500 теңге берем деген. Соны қалай алуға болатынын түсіндіріп жатқан еңбек министрі Біржан Нұрымбетов «отказ» деудің орнына «откат» деген: 

 

Есть случаи особенные, где нужно разбираться. Есть две электронные почты, мы это указываем в SMS, которое приходит вместе с откатом, с отказом. Это электронная центр развития трудовых ресурсов 42500@enbek.kz и электронная почта Фонда социального страхования. 

 

 

ЕЛБАСЫ КЕҢЕС БЕРЕДІ 

 

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев та коронавируспен ауырды. Вирусты қол алысып сәлем беремін деп жұқтырып алған сияқты. Ауырғаннан кейін ол бізге бір-бірімізбен тіземен не шынтақпен амандасуға кеңес берді: 

 

Коронавируспен ауырдым. Бұл ешкімнің басынан өтпесін. Сондықтан бәріміз маска тағып, тіземен не шынтақпен амандасайық. Бетті үнемі жауып жүру мүмкін емес. Бірақ кей қызға (маска таққан — ред.) жарасады. Ертегі қыздарының барлығы осындай зат тағады ғой.

 

МАСКАНЫ БЫЛАЙ ЖАСАЙСЫҢ

 

Қазақстан азаматтарына талаптарынан бұзбаудан басқа үнемі маска тағып жүруге міндеттелді. Сонда адамдар елде балаларға арналған маска жоқ деп шағым айтты. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оны қалай жасауға болатынын айтты. 

 

— Кәдімгі масканың резіңкесін ортасынан кесіңіз, оның ұзындығы әжептәуір қысқарады да, маска баланың бетіне дәл келеді. Ал нәресте маскасын бірнеше қабат дәкеден жасауға болады. Бұл түк те қиын емес, — деді министр.  

 

Кейін Цой бес жасқа дейінгі балаларға маска тақпауына рұқсат етті.

 

«ЕНЕҢІЗДЕН ТАЛАП ЕТІҢІЗ»

 

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлер әкімдікке бір айдан бері жабық тұрмыз, бір шара жасаңыз деген талап етіп еді. Облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғытов оларға былай деді:


— Мұнда бір диалог құра алмайтынымызды көріп тұрмын. Бірнәрсе талап ететін болсаңыз, үйіңізге барып, әйеліңізден, енеңізден талап етіңіз.



Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

08/02/2021 12:29
73149 0

Уведомление