Cот Макс Боқаев пен Талғат Аянның Тоқаевтың үстінен түсірген шағымын қайтарды

Белсенділер сайлау туралы заң Конституцияға қайшы келеді деп президент пен парламент спикерлерін сотқа берген еді


05/04/2021
11:22 44633 0

Талғат Аян (оң жақта) мен Макс Боқаев (сол жақта). Фото: uralskweek.kz

 

Атырау қаласы соты белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның президент Қасым-Жомарт Тоқаев, парламент спикерлері Мәулен Әшімбаев пен Нұрлан Нығматулиннің үстінен түсірген шағымын қайтарды. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлады

 

Шағымды қайтарып беруге мыналар түрткі болған: 

 

  1. Арыз жауап берушілер (президент, парламент спикерлері) тұрып жатқан Астанада (Нұр-Сұлтанда) емес, басқа қалада берілген. Судья Зұлфия Сағынғалиева сотқа беру ережесі бұзылған дейді.
  2. Шағымда дауға себеп болып отырған заңның не оның бөлігінің көшірмесі жоқ, бұл акт қай ақпарат құралында жарияланғаны да жазылмаған. 

30 наурызда Макс Боқаев пен Талғат Аян сайлау туралы заңнамадағы түзетулерге қарсы шығып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен парламент спикерлерін сотқа берген еді. Олар мәслихаттарға тек партия мүшелері сайлана алатыны Конституцияға қайшы келеді дейді.

Поделиться

Нет комментариев.

05/04/2021 11:22
44633 0

Уведомление