Биыл Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлеріне 1 миллиард теңге берешек болған

Оның 814 миллионы өтелген


26/03/2021
12:02 44486 0

Фото: baigenews.kz

 

Жыл басынан бері Қазақстанда жұмыс берушілер жұмысшыларға 1 миллиард теңге көлемінде жалақысын бермей келген. Оның 814,6 миллионы өтелген. «ҚазАқпарат» бұл статистиканы премьер-министр Асқар Мамин депутаттардың сауалына берген жауабында көрсеткен дейді

 

«Үкімет еңбек құқықтарының бұзылу фактілерін, сондай-ақ жалақы берешектерін болдырмауға қатысты жұмыстарды күшейтіп, тиісті шара жасап жатыр. Осы жылдың 5 наурызында елімізде жалақы берешегінің сомасы 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (1,1 миллард теңге) 62 миллион теңгеге не 4 % төмендеп, 1 миллиард теңге болды. Жалақы бермей жүрген 210 кәсіпорын басшысына мемлекеттік еңбек инспекторлары 189 ұйғарым берді. Оларға 18,5 миллион теңге айыппұл салынып, 1,8 мың жұмысшыға 814,6 миллион теңге сомасындағы жалақы қарызы өтелді», — деген үкімет басшысы. 


Еңбекақы қашан және қалай төленуі керек? Біздің материалдан біліңіз.

Поделиться

Нет комментариев.

26/03/2021 12:02
44486 0

Уведомление