Қазақстандағы жылдық инфляция 7,4 % болған

Мамандар тауар бағалары биыл 6,7 % өседі деп болжап отыр


11/03/2021
12:12 44650 0

Фото: inbusiness.kz

 

Қазақстандағы 2020 жылғы ақпан пен 2021 жылғы ақпан арасындағы инфляция 7,4 % болған. Мұны Vласть Ұлттық банкінің басшысы Ербол Досаев айтты деп хабарлады. 

 

Досаевтың айтуынша, инфляцияға көбіне азық-түлік бағасының көтерілуі әсер еткен. Олардың бағасы қаңтар мен ақпан аралығында 11,4 %-дан 11,6 %-да дейін өскен. 

 

Ал азық-түліктен басқа тауарлардың инфляциясы 5,3 %-дан 5,2 %-ға, ал ақылы қызметтердікі 4,1 %-дан 3,9 %-ға төмендеген. 

 

Досаевтың сөзінше, мамандар 2021 жылғы инфляция 6,7 % болады деп болжап отыр. 


Инфляция — тауар мен қызмет бағасының өсуі ( бағаның құнсыздануы). Бағаның көтерілуі — экономикада жиі болып тұратын процесс, себебі баға үнемі бір орында тұрмайды ғой, бірақ егер инфляция жоғары деңгейде болса (баға жылына 10 % артатын болса), бұл азаматтарға да, бизнеске де, мемлекетке де кесірін тигізеді. Баға жылына 6 %-ға дейін өсіп отырса, жақсы. Мына жерден инфляция туралы толығырақ оқыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

11/03/2021 12:12
44650 0

Уведомление