Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Бақылаушылар заң бұзылып жатыр деп хабарлады

Сайлау жергілікті уақытпен сағат 20:00-де бітеді


10/01/2021
10:11 47510 0

Фото: gov.kz

 

10 қаңтарда Қазақстанда парламент және мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Бақылаушылар мен журналистер сайлау учаскелерінде заң бұзылып жатыр деп хабарлады.

 

«Еркіндік қанаты» қоғамдық қоры хабарлауынша, олардың бақылаушыларын түрлі себеппен сайлау учаскесіне кіргізбей жатыр. 

 

«Ақ жол» партиясының атынан барған бақылаушы Ғалима Сләмбаева Ақтөбедегі №110 сайлау учаскесінің комиссиясы өзін «орын саны шектеулі» деп тіркемей қойғанын хабарлады. 

 

Сайлаудан ақпарат таратуға барған «Азаттық радиосының» екі журналисін сайлау комиссиясы «ПТР тестіңіз жоқ» деп учаскеге кіргізбей қойған. 3 қаңтарда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус бар-жоғын анықтайтын тестіден сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар мен партия өкілдері өтуге тиіс деп хабарлаған. Онда БАҚ өкілдеріне қатысты ешқандай талап болмады. 

 

«HAQ» қозғалысының директоры Тоғжан Қожалиева «Шымкент пен Ақтөбеде біздің бақылаушыларды сайлау учаскесіне кіргізбей жатыр» деп хабарлады.

 

Жаңалықты толықтырып отырамыз. Ақпаратты тез алу үшін біздің Telegram арнамызға жазылыңыз. 

Поделиться

Нет комментариев.

10/01/2021 10:11
47510 0

Уведомление