Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды бақылауға арналған сайт іске қосылды


21/04/2021
16:19 43505 0

opentemder.kz сайтының скрині

 

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуларға мониториң жасауға мүмкіндік беретін Opentender.kz сайты іске қосылды.  

 

Оны «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылық қолдауымен «Прогресс ҮЕҰ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Марал Әбдіреисов жасаған. 

 

— Бұл құрал арқылы журналистер, атқарушы органдар (әкімдіктер — ред.), Қазақстанның белсенді тұрғындары мемлекеттік сатып алу мәліметтерін сараптап, күдікті сатып алуларды іздей алады, — делінген қордың Instagram парақшасында. 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше, елдегі әрбір алтыншы жемқорлық қылмысы мемлекеттік сатып алу саласында жасалады екен. Бұрын біз мемлекеттік сатып алудың не екенін түсіндіргенбіз. Оқи отырыңыз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/04/2021 16:19
43505 0

Уведомление