Ақтөбе облысында мұнайшылар ереуілді тоқтатты

Жұмысшылар талаптарымыз орындалатын болды дейді


02/02/2021
10:24 46867 0

Фото: azattyq.org

 

Ақтөбе облысында «КМК-Мұнай» жұмысшылары бір аптаға созылған ереуілін тоқтатты. Олар «Азаттық радиосына» талаптарымыз түгелдей орындалатын болды деп хабарлады. 

 

— «КМК Мұнай» басшысы Ван Циньбаоға төрт талап қойған едік. Талабымыз түгел орындалатын болды. Компания жұмысшылары 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап, экологиялық төлемдер мен тарифтік разрядты қоса есептегенде, 220–260 мың теңге (шамамен 520–615 доллар) аралығында жалақы алуы керек. Басшыларымыз «ереуілшілер қудаланбайды, жуырда Саркөл ауылынан жаңа жатақхана құрылысы басталады» деп уәде берді, — деген ереуілге қатысқандардың бірі Жасұлан Мерғалиев «Азаттыққа».  

 

Сонымен бөлек, жұмысшыларға ауылдардан мұнай кенішіне таситын автобус берілетін болған. Бұл жерде көптеген мұнайшы 15 күндік вахталық әдіспен жұмыс істейді. 

 

25 қаңтарда мұнайшылар жалақымыз екі есе өссін, еңбек жағдайы жақсарсын, өзімізге қысым көрсетілмесін деп ереуілге шықты. Олардың айтуынша, басшылық жалақыны тек 20 % өсірмек болған. Бірақ жұмысышылар бұған келісіпеген. 

 

Екі тарап келісімге келгенін Ақтөбе облысы әкімідігі де растады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

02/02/2021 10:24
46867 0

Уведомление