Астанада полиция Бозжыраны қолдап акцияға шыққандарды ұстап әкетті

Кейін босатып жіберген


13/07/2021
16:00 41306 0

Фото: vlast.kz

 

13 шілдеде Астанада (Нұр-Сұлтан) полиция экология министрлігінің алдында перформанс көрсеткен суретші Асхат Ахмедияров пен Әлия Ахмалишевані ұстап әкетті. Белсенділер осылай Босжырадағы қонақүй құрылысына қарсы шықтық дейді. 

 

— Қазір Бозжыра шатқалында құрылыс жүріп жатыр. Бұл ертең ол жерге жай адамның өзі жақындай алмайды деген сөз. Экологиясы да бұзылады. Менің ойымша, Бозжырада ешқандай құрылыс жүрмеуі керек. Ешқандай қонақүй салынбауы керек, — деген Асхат Ахмедияров «Азаттық радиосына». 

 

Басында полиция наразыларды қоршап алып, ешқайда жібермей ұстап тұрған (кеттлиң). Кейін полиция бөлімшесіне алып кетіп, 15:00-де босатып жіберген. 

 

2020 жылғы қарашада Маңғыстау облысындағы Босжыра шатқалында қонақүй кешені салынатыны белгілі болды. Бұл жаңалық қоғамда дау туғызды: белсенділер мен экологтар құрылысқа қарсы шығып, петиция ұйымдастырған еді. Олардың ойынша, бұл құрылыс Босжыраның экологиясы зиян тигізеді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/07/2021 16:00
41306 0

Уведомление