Астанада «Май Хой мен диссиденттер» деректі фильмі көрсетіледі
Май Хой — Вьетнамда сөз бостандығы үшін күрескен әнші, белсенді
Фото: «Еркіндік қанатының» Facebook-тағы парақшасы
Оныншы желтоқсанда 17:00-де Нидерландтың Қазақстандағы елшілігі Астанада (Нұр-Сұлтанда) «Май Хой мен диссиденттер» деректі фильмін көрсетеді. Іс-шара «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының Human Rights Hub алаңында өтеді.
Фильм Вьетнамда сөз және интернет бостандағы үшін күрескен әнші әрі белсенді Май Хойдың өмірін суреттейді. Фильм көрсетіліміне бас кейіпкердің өзі келмек.
Фильм онлайн және офлайн көрсетіледі.
Туындыны астананың 10–15 тұрғыны мен қонағы офлайн көре алады. Ол үшін мына жерден тіркелу қажет. Іріктелген адамдарға ұйымдастырушылар хабарласып, іс-шараның нақты мекенжайын айтады.
Ал фильмді онлайн қараймын дегендер сауалнама толтыруы керек.
Нет комментариев.