Ақпарат министрлігі «Медиазонадан» Жокер сияқты бейнеленген Назарбаевтың суретін алып тастауды талап етті

Мұндай талап хат бұрын The Village Kazakstan-ға да келген еді


27/07/2021
15:15 41189 0

«Медиазонада» Назарбаевтың Жокер сияқты салынған суреті енді осылай тұр 

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Медиазонадан» Жокер сияқты бейнеленген Назарбаевтың суретін алып тастауды талап етті. Хатта бұл суретті жариялау Нұрсұлтан Назарбаевқа көпшілік алдында тіл тигізу саналатыны, кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылатыны жазылған. 

 

«Медиазона» суретті сайтынан алып тастамай, тек бұлыңғырлатып қойды. 

 

Дәл осындай хат суретті жариялаған The Village Kazakhstan-ға да келген еді. Редакция фотоны жаңалығынан алмай, бұлыңғырлатып қойды. 

 

8 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер жас Назарбаевтың суретін бояп тастаған еді: бұрынғы президентті зұлым кейіпкер Жокер сияқты қылып салып, жанына #Cancel (ағылшын тілінен «бас тарту», «жою» дегенді білдіреді),  #Qazaqkoktemi мен Ulu Dala Ury (Ұлы дала ұрысы) деп жазып кеткен. 

 

Кейін Rukh2k19 Instagram парақшасында Qazaqkoktemi-нің осы мурал туралы хаты шықты

 

«Нұрсұлтан,

Заңның алдында адамның бәрі тең, сенің де барлық жауыздығыңа жауапқа тартылатын күнің алыста емес.

Өзіңе қанша ескерткіш қойсаң да, халық сені тек қарғыспен еске алатын болады.

Өзгерістер таяп қалды.

Сен ұлы дала ұлы емес, ұлы даланың ұры мен жауызысың!

#qazaqkoktemi»


Qazaqkoktemi белсенділері бұрын Назарбаевқа бірнеше стрит-перформанс арнаған еді: Алматы көшелеріне «Ел басынан шіриді», «Оскары жоқ паразиттер», «Бір адамның атына 47,3 млрд» деген плакаттарды ілді.

 

 

Қазақстанда Елбасы деген лауазымы бар Назарбаевқа тіл тигізуге болмайды, кінәлілер үш жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. 

Поделиться

Нет комментариев.

27/07/2021 15:15
41189 0

Уведомление