Алматыда Демпартия митиң өткізіп жатыр

Жиын өтіп жатқан жерде интернет істемейді, полиция аумақты қоршап алған


06/07/2021
12:20 41632 0

Фото: vlast.kz

 

6 шілдеде Алматыда Абай-Байтұрсынұлы қиылысында Жанболат Мамай бастаған Демократиялық партия митиң өткізіп жатыр. Жиынға 70–80 адам келген. 

 

Наразылар биліктен елде Қытай зауыттарын салмауды, үкіметтен отставкаға кетуді талап етті. 

 

— Бүгін мереке той деп жатыр (6 шілде — Елорда күні әрі бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні — ред.). Қайдағы той. 30 жылдың ішінде Назарбаев билігі халықты қинап келе жатыр. Жемқорлықтың кесірінен 2 миллионнан астам адам кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Олар халық жағдайын еш ойламайды. Олар сатқындар», — деген Мамай.

 

Жиын өтіп жатқан жерде интернет істемейді, полиция аумақты қоршап алған. Сол жерде жүрген журналистердің айтуынша, арнайы жасақ шеру өткізбек болған қатысушыларды бөгеген, бірақ кеттлиң әдісін қолданбаған. 

 

Кеттлиң — полицейлердің бейбіт жиналыстарға (митиң, шеру, пикетке) қатысушыларды бөгеп, қоршап алуы, ешқайда жібермей ұстап тұруы. Мына жерден толығырақ оқыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

06/07/2021 12:20
41632 0

Уведомление