Алматыда Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандардың туыстары наразылыққа шықты

50 шақты адам ұсталған жақындары жазықсыз дейді


01/02/2022
12:43 36803 0

Фото: kaztag.kz

 

Жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен ұсталғандардың туыстары Алматы прокуратурасының алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. 

 

Жиылған 50 адам полиция жұртты негізгіз ұстап жатыр деген шағым айтты, қолдарында туыстарының аты жазылған, суреті ілінген плакат бар дейді ҚазТАГ. 

 

Наразылар ұсталған жақындары лаңкес емес, жаппай тәртіпсіздікке қатыспағанын айтып, оларды босатуды талап етті. 

 

27 қаңтарда да бірнеше адам прокуратура алдында наразылыққа шыққан еді. Олардың да талабы туыстарын босату болды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

01/02/2022 12:43
36803 0

Уведомление