17 ақпанда Сағынтаев Алматы халқына есеп береді. Кездесу онлайн өтеді

Онда тұрғындар қала басшысына сұрақ қоя алады


16/02/2021
11:18 46012 0

Фото: gov.kz

 

17 ақпанда сағат 10:00-де Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына 2020 жылдың есебін береді. Кездесу биыл пандемияға байланысты онлайн өтеді. 

 

Тікелей эфирді әкімдіктің сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшалары, «Алматы» арнасынан қарауға болады. 

 

Қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшалары: 

 

  • https://www.facebook.com/sagintayev.b/
  • https://www.facebook.com/almaty.gov.kz/
  • https://www.facebook.com/rsk.almaty02/
  • https://www.facebook.com/OpenAlmaty/
  • https://www.facebook.com/groups/498553934155730/?ref=share
  • https://www.facebook.com/almaty.tv.kaz/
  • https://www.facebook.com/almaty.tv/
  • https://youtube.com/c/AlmatyUS 

 

Тұрғындар әкімге: 

 

  • 1308 бірыңғай нөміріне қонырау шалып; 
  • 8 (777) 046–33–33 WhatsApp нөміріне жазып;
  • әлеуметтік желілердегі тікелей эфирдің төменгі жағына жазып;
  • Zoom платформасы арқылы тікелей эфирде сұрақ қоя алады

 

Сұрағын офлайн жолдағысы келетін тұрғындар мына жерге келіп сауалын қалдырып кете алады: 

 

  • Алатау ауданы — Алатау шығармашылық хабы, Нұркент ықшамауданы, 5;
  • Наурызбай ауданы — Наурызбай ауданы әкімдігінің аппараты, Шұғыла ықшамауданы, 347;
  • Әуезов ауданы — Әуезов ауданы әкімдігінің аппараты, 12-ықшамауданы, 23;
  • Бостандық ауданы — Алматы Бас жоспары ғимараты, Абай даңғ., 90;
  • Жетісу ауданы — Жетісу ауданы әкімдігінің аппараты, Серіков көшесі, 2А;
  • Медеу ауданы — Республика сарайы, Достық даңғ., 56;
  • Алмалы ауданы — Nur Otan партиясы Алматы филиалының ғимараты, Абылай хан даңғ., 79; 
  • Түрксіб ауданы – Алматы Халықаралық әуежайының мәдениет үйі.

 

Ресми органдарға сауал жолдау — тұрғындар проблемасын шешудің тиімді жолдарының бірі. Біз бұрын осындай сауалдарды қалай жолдауға болатынын айтқан едік. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

16/02/2021 11:18
46012 0

Уведомление