Әзірбайжан мен Армения бейбіт келісімге қол қоятын болды


08/12/2023
12:44 11576 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашиняның әкімшілігі ортақ мәлімдеме жасады. Онда олар бейбіт келісімге қол қоятынын растаған. 

 

Мәлімдеме мәтінінде тараптардың өзара сенімді нығайту үшін келісімге келгені жөнінде айтылған. Екі жақ тұтқын алмасуға да келіскен. 

 

– Әзербайжан гуманитарлық құндылықтарды басшылыққа ала отырып ізгі ниеттің белгісі ретінде 32 армян әскери қызметкерін босатады. Армения да гуманитарлық құндылықтарды басшылыққа ала отырып ізгі ниеттің белгісі ретінде екі әзербайжан сарбазын босатады, – деп жазылған мәтінде.

 

Бұған қоса, Армения БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы 29-сессиясын Әзербайжанда өткізу туралы Бакудің өтінішін қолдап, өз кандидатурасын алып тастаған. Ал Әзербайжан Арменияның «Климаттың өзгеруі бойынша Шығыс Еуропа тобының бюросына мүшелігін» қуаттаған.

 

19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақ аумағында терроризмге қарсы арнайы әскери операция бастаған. 

 

20 қыркүйекте мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының билігі Әзірбайжан шарттарымен келіскен. Баку аймақтағы армян этносын «қайта біріктіру» бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеген. Бірақ аймақта тұратын 100 мыңнан астам армян тарихи отаны Арменияға қоныс аударған. 

 

Халықаралық құқық бойынша Таулы Қарабақ – Әзірбайжан жері. Аймақ 1990 жылдардағы соғыстан кейін Ереван қолдауына ие жікшіл армяндардың қолына өткен. Сол уақыттар бері аймақта тыныштық болмаған. Тараптар бір-бірін айыптап, арагідік әскери қақтығыстар болған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

08/12/2023 12:44
11576 0

Уведомление