Журналист Асхат Ниязовтың WhatsApp-ы бұғатталды
Бұған дейін оның You Yube арнасына шабуыл жасалған

Фото: Ашық дереккөзден
Журналист, «Обожаю» You Tube арнасының авторы Асхат Ниязовтың WhatsApp желісі бұғатталды. Бұл жөнінде оның өзі хабарлады.
– Достар, менің WhatsApp-ды бұғаттады. Осында немесе Telegram-ға жазыңыздар,– деп жазды Ниязов өзінің Instagram парақшасында.
Журналистің сөзінше, өзінен бөлек, түнде анасы, әкесі және әйелінің де WhatsApp-ы бұғатталған.
Бұған дейін оның «Обожаю» You Tube арнасына «R.I.P» деген 4 мыңнан астам пікір жазылған. Ол бұны өзіне жасалып жатқан қысым, қорқыту деп бағалаған.
Асхат Ниязов «Обожаю» арнасында Қазақстанның әртүрлі аймақтарына барып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көрсетеді. Қала, облыс әкімдеріне тікелей кіріп, аймақтағы қордаланған мәселелер жөнінде сұрайды.
Арнаның 276 мың жазылушысы бар. Жарияланған шығарылымдардың кейбірінің қаралымы миллионнан асады.

Нет комментариев.