Жигули Дайрабаевтың ұлдары 60 жастағы азаматты құлдықта ұстаған

Депутат бұны ақпараттық шабулға балады


16/05/2023
18:07 17865 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

ҚазТАГ агенттігінің жазуынша, Жамбыл облысының тұрғыны Василий Ковешников өзін Дайрабаевтың ұлдары құлдықта ұстағанын айтады. Ол бірнеше рет қашып кетпек болған. Бірақ сәтсіз аяқталып, Марат Дайрабаев оны соққыға жыққан.

 

– Құлпынай алқабын қарадым, қыста Дидардың малын бақтым. Бір тиын да көрмедім. УАЗ-да тұрдым, тез пісетін кеспе жедім. Марат мені екі рет ұрды. Содан бір ай бойы тұра алмай қалдым. Бір күні қашып шығып, Меркеге таңғы үште жаяу жеттім, – дейді Василий Ковешников.

 

Бұл туралы Жигули Дайрабаев Ковешниковты танымайтынын айтып пікір білдірді. Бірақ ұлының қол астында бір жарым жылдай жұмысшы болғанын растады.

 

– Ешқандай құлдық туралы әңгіме болуы мүмкін емес, ол өз еркімен болған және кез келген уақытта жұмыстан кете алатын. Құжаттары жанында болды, – деді депутат.

 

Дайрабаевтың айтуынша, оған қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырылған. Бұл жаңалық та солардың біреуі.

Поделиться

Нет комментариев.

16/05/2023 18:07
17865 0

Уведомление