Жетібайдағы жұмысшылар ереуілінің жалғасып жатқанына бір айға жуықтады

Фото: Ақ Жайық
Маңғыстау облысы Жетібай кентінде 11 желтоқсанда басталған ереуіл әлі жалғасып жатыр. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады.
8 қаңтарда West Oil жұмысшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы үндеу жолдап, мәселелерін шешіп беруді талап етті.
– Талабымыз орындалғанша ереуілді тоқтатпаймы, – дейді олар үндеуде.
Жұмысшылар West Oil компаниясын «ҚазМұнайГаздың» мердігері Oil Transport corporation (ОТК) балансына қосу, бірыңғай төлем жүйесін енгізу және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етуде.
Бұған дейін ҚМГ олардың алғашқы екі талабын орындай алмайтынын айтқан. Жергілікті сот ереуілді заңсыз деп таныған.

Нет комментариев.