Жеті жылға сотталған Жыланбаев аштық жариялады


24/01/2024
16:28 9292 0

Фото: Настоящее время 

 

Қамаудағы марафоншы, белсенді, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев аштық жариялады. Бұл жөнінде адвокат Бауыржан Азанов хабаралды. 

 

Қорғаушының сөзінше, Жыланбаевпен бүгін кездескен. Ол бірінші сатыдағы сот үкімін апелляциялық сот алқасының өзгеріссіз қалдырғанын бүгін естіген. 

 

– Марат сот қаулысынан бейхабар болған. Сондықтан оны естіп, өзін жеті жылға соттағаны жөнінде үкімге наразылығын білдіріп, өз уәдемде тұрамын деп «сот үкімі күшін жойғанға дейін мерзімсіз аштық жариялаймын» деп шешім қабылдадым, – деді Азанов Азаттық радиосына берген сұхбатында. 

 

Оның сөзінше, Марат Жыланбаев өзінің аштық жариялайтыны жөнінде мекеме басшылығына ескерту арызын жазған. Қазір ол су ғана ішіп отыр. 

 

Астана соты 2023 жылы 29-шы қарашада Марат Жыланбаев жеті жылға бас бостандығынан айырған. Оған «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» бабы бойынша айып тағылған. Ол өзіне тағылған айыппен де, шығарылған сот үкімімен де келіспеген. Жыланбаев істің саяси астары барын айтқан. 

 

Қазақстандық құқық қорғаушылар Марат Жыланбаевты «саяси тұтқын» деп таныған. 

Поделиться

Нет комментариев.

24/01/2024 16:28
9292 0

Уведомление