Жанболат Мамайдың соты келесі жылға қалды

Сот екі жақты да сабырға шақырды


27/12/2022
15:38 32227 0

Сот оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың ісін 2023 жылға қалдырды. Бұл жөнінде оның жұбайы Инга Иманбай хабарлады. 

 

Инга Иманбайдың сөзінше, бүгін өткен сот процесінде Гүлнар Мирмамбетова мен Нұрбол Қасымбековтан жауап алынған. Олар Жанболат Мамай жөнінде куәлік берген.

 

– Бүгін Жанболаттың ісі бойынша сот процесі жалғасты. Екі куәгер сотта жауап берді - Нұрбол Қасымбеков пен Гүлнәр Мирмамбетова. Олар өздерінің Қаңтарда көргендерін, Жанболаттың «Алматы Арена» маңында полиция алып кеткенше халықты бейбіт түрде митинг өткізуге шақырғанын, несиелік амнистия бойынша жалған ақпарат таратпағанын ашық айтты. Бұған прокурор Баймағанбетов бұлқан - талқан болып, куәгерлерге қысым көрсетуге тырысқандай болды. Куәгер Мирмамбетоваға «неге халықты тыныштыққа шақырмадың?» деп шүйлікті. Бұған Жанболат Мамай «сол кездегі Алматы әкімі Сағынтаев қайда болды? Неге бұл сұрақты соған қоймадың?» деп еді, сот екі жақты да сабырға шақырды, – деп жазды Иманбай әлеуметтік желіге. 

 

Келесі сот отырысы 6 қаңтарда өтеді. Оған қалған куәгерлер мен сараптама жасаған мамандар шақырылған. 10 қаңтарға белгіленген сот процесінде Жанболат Мамайдың өзі жауап береді деп күтілуде. 

 

Жанболат Мамайдың жақтастары процестің ұзаққа созылуын Қанды Қаңтар оқиғасының бір жылдығымен байланыстырады. Олардың сөзінше, билік Мамайды Қаңтардың бір жылдығына қатыстырмас үшін осындай қадамға барып отыр. 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

27/12/2022 15:38
32227 0

Уведомление