Жанболат Мамайдың ісі сотқа жіберілді

24 қазан күні Жанболат Мамайға тағылған «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» айыбын алып тастаған


28/10/2022
13:07 25984 0

Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың ісі Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына жіберілді. Бұл жөнінде оның жұбайы Инга Иманбай хабарлады. 

 

- Бүгін Жанболат Мамай мен адвокатына айыптау актісі беріліп, оның ісі Бостандық аудандық сотына қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша жіберілді. Қаңтар бойынша 400 бап (заңсыз митинг ұйымдастыру), 378 бап (полицияға тіл тигізу), 272 бап (несиелік амнистия бойынша жалған ақпарат тарату). Жанболат өзіне тағылған айыптың ешқайсын мойындамайды, өзіне қатысты істің барлығын саяси жала деп бағалайды, - деді Иманбай. 

 

Естеріңізге сала кетейін, 24 қазан күні Жанболат Мамайға тағылған «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» айыбын алып тастап, оның Қаңтар бойынша ісін Қылмыстық кодекстің 400 бабына ауыстырған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/10/2022 13:07
25984 0

Уведомление