Жанболат Мамайға тағы екі айып тағылды. Ол 10 жылға сотталуы мүмкін

Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға тағы екі айып тағылды


08/06/2022
16:27 32972 0

Үш айдан бері қамауда отырған оппозициялық саясаткер, тіркелмеген «Демократиялық партия» жетекшісі Жанболат Мамайға ҚР ҚК 272 бабының 1-тармағы және 274 бабының 4-тармағы бойынша тағы екі айып тағылды. Ол 10 жылға сотталуы мүмкін. 

 

Алматыдағы СИ-18 уақытша ұстау изоляторында отырған саясаткер бүгін өзіне тағылған айыптарға байланысты мәлімдеме жасады. Ол онда тағылған айыптардың ақылға қонымсыз екенін айтады. 

 

— Бүгін өзіме қылмыстық Кодекстің ауыр екі бабы – 272 баптың 1-тармағы және 274 баптың 4-тармағы – бойынша айып таққандары туралы білдім. Демек, мені қаңтар күндері жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, жалған екені белгілі ақпарат таратқаным үшін айыптап отыр... «Ұыйымдастырды» деп олар 4 қаңтар күнгі «Алматы арена» аңындағы алаңдағы митингті айтып отыр. Мен сол алаңда саяси рефорамлар жүргізуді талап етіп, жиналған жұртты Республика алаңына баруға  шықырыппын-мыс. Бұл айптары түкке де тұрмайды. Біріншіден, менің «алматы арена» маңындағы алаңда сөйлеген сөзімнің толық нұсқасы бар. Онда мен ешкімді ешқайда баруға шақырмағаным анық естіліп тұр. Керісінше, бәрінің сол жерде тұрып, ештеңені бүлдірмей, полициямен қақтығысқа түспеуді өтінгенім жазылып қалған. Бұл бейне жазба әлеуметтік желілерде жарияланған болатын, — делінген мәлімдемеде. 

 

Бұдан бөлек, Жанболат Мамай мәлімдемесінде өзіне тағылаған айыптың саяси астары бар екенін айтады. Оның сөзінше, бұндай айпты қаңтар оқиғасы кезінде Алматыға 20 мың террорист келді деп мәлімдеген президент Тоқаевқа да тағуға болады. 

 

— «Өтірік екені белгілі жалған ақпарат» таратты деп, бұлар менің Жаңаөзенде 10 мың адам алаңда тұр деген сөзімді алып отыр.  Бұл БАҚ-ында жарияланған ашық та нақты ақпарат. Болмаса, прокуратура «ондағылардың бәрін санап шықтық, алаңда тек 9999 адам ғана тұрды» деп, менің айтқанымды жоққа шығарғысы келе ме? Логика қайда? Прокуратураның логикасына салсақ,  мұндай айыпты президент Тоқаевқа да тағуға болады емеспе? Өйткені, ол қаңтар күндері тек бір Алматыға ғана 20 мың терроршы шабуыл жасады деп мәлімдеген болатын. Қайда ол терроршылар? Ал, 5 маусым күні Тоқаев елдің алдында 20 мың терроршының болмағанын мойындады. Енді, прокуратура осы факті бойынша қылмыстық іс қозғауы тиіс қой? Маған таңып отырған қылмыстық істің оппозияциядағы тұлғаны қудалау үшін ашылған саяси астары бар іс деп санайтынымды жария түрде мәлімдеймін. Бұл биліктің тәуелсіз саяси күштерден өлердей қорқатынын көрсетеді. Мені Назарбаев билігі тұсында қудалауға ұшыратып, түрмеге де қамаған. Сол үрдіс Тоқаев кезінде де жалғасып жатыр делінген мәлімдемеде. 

 

Жанболат Мамай үш айдан бері СИ-18 түрмесінде қамауда отыр. Оған «жалған ақпарат тарату» және «билік өкіліне тіл тигізу» баптары бойынша айып тағылған. Жақтастары оған тағылған айыптардың саяси астары бар деп есептейді. Жергілікті және халықаралық құқық қорғау ұйымдары оны «саяси тұтқындар» қатарына қосқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

08/06/2022 16:27
32972 0

Уведомление