Жанболат Мамайға билік өкіліне тіл тигізді деген айып тағылды

Мұны оппозиционер саяси қысым дейді


27/10/2021
12:27 39009 0

Фото: vlast.kz

 

Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайға полицияға тіл тигізді деген айып тағылған. Мұны «Медиазона» хабарлады

 

Мамай журналистерге іс бойынша полиция департаментіне барғанын, бірақ айғақ беруден бас тартқанын айтқан. Оппозиционер қылмыстық іс 18 қыркүйекте болған митиңде өзін жыққан полицейлерге «нағыз сатқын» дегені үшін қозғалған дейді. 

 

«18 қыркүйек күнгі митиңде [партия белсендісі] Абзал Достияровты тура сол жерде арнайы жасақ ұстаған еді. Мені жерге құлатты. Сосын мен шығып айттым: "Осы әрекетті жасап тұрған полиция қызметкерлері отанына опасыздық жасайды. Ертең Қазақстанда Қытай экспансиясы басталса, бұлар Қытайға да қызмет жасайтын нағыз сатқындар" дедім. Міне, осы сөздер үшін 17 қазанда іс қозғаған. Филологиялық сараптаманың бәрін дайындап қойған», – деді Жанболат Мамай «Азаттық радиосына». 

 

Бұрынғы журналист айтқанынан айнымайтынын, қылмыстық істі саяси қудалау деп бағалайтынын айтты. 


Мамай айтып тұрған митиң Абай ескерткішінің алдында өтті. Оған Демкратиялық партияның ондаған жақтасы қатысты. Олар биліктен Қытай экспансиясын тоқтатуды, Нұрсұлтан Назарбаевтың кетуін, АЭС салмауды талап етті.

Поделиться

Нет комментариев.

27/10/2021 12:27
39009 0

Уведомление